Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде оқытушылардың кәсіби дамуына бағытталған оқу-әдістемелік кеңес өткізілді.
Кеңес барысында пилоттық жобаны іске асырудың негізгі бағыттары, сондай-ақ 2026-2027 оқу жылында аттестаттаудан өтетін оқытушыларды даярлау мәселелері қаралды.
Аттестаттаудан өту талаптарына, қажетті құжаттарды сапалы дайындауға, кәсіби портфолионы толықтыруға және педагогикалық тәжірибені тиімді таныстыруға ерекше назар аударылды. Оқытушыларға әр бағыт бойынша әдістемелік ұсынымдар мен практикалық түсіндірмелер берілді.


