Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ұжымы баршаңызды Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!
ТжКОБ жүйесінің барлық қызметкерлеріне күнделікті еңбегі, кәсібилігі және білікті мамандар даярлауға қосып келе жатқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Сіздердің білімдеріңіз, тәжірибелеріңіз бен қолдауларыңыз білім алушыларымызға өз қабілеттерін ашуға, қажетті кәсіби дағдыларды меңгеруге және болашақ мамандығына нық қадам басуға мүмкіндік береді.
Сіздерге зор денсаулық, шабыт, алғыс білдіретін шәкірттер, жаңа жетістіктер мен маңызды әрі жауапты еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!


