АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026 04:00

«Үздік педагогикалық эссе» байқауы

            2026 жылғы 30 қыркүйекте «Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығы» КММ ұйымдастырған облыстық «Үздік педагогикалық эссе» байқауы өтті. Байқауға облыстың білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты.

            Осы байқауға Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің оқытушылары да қатысты. Байқау қорытындысы бойынша колледж оқытушысы Каирова Айжан Женисовна III жүлделі орынға ие болды.

            Лайықты нәтижемен құттықтаймыз және кәсіби қызметінде толағай табыстар, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!