АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026 12:52

«Өндірістегі 10 күн»

            2026 жылғы 23 қыркүйекте «Өндірістегі 10 күн» республикалық акциясының сегізінші күні аясында АҚЖКК оқытушылары заманауи өндірістік үдерістермен және жұмыс берушілердің талаптарымен танысу мақсатында кәсіпорындарға барды.

            Сапар барысында жұмыс орындары, технологиялық операциялар, өндірістік құжаттама, заманауи жабдықтар және еңбек үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері зерделенді. Сонымен қатар кәсіпорын мамандарымен өзара тәжірибе алмасу жүргізілді.

            Іс-шара қорытындысы бойынша оқытушылардың тағылымдамадан өтуі мен біліктілігін арттырудың өзекті бағыттарын айқындауға негіз қалыптасты.