Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында білім алушылармен ақпараттық-ағартушылық кездесу өтті.
Кездесуді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Г.Ж. және кітапхана меңгерушісі Баджанова Т.К. өткізді.
Кездесу барысында білім алушыларға республикалық марафонның мақсаты мен міндеттері, оқырмандық бастамаларға қатысудың маңыздылығы және кітаптың жастардың интеллектуалдық әрі тұлғалық дамуына тигізетін рөлі туралы ақпарат берілді.
Іс-шара барысында оқу мәдениетін дамытуға және тұрақты кітап оқуға қызығушылық қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Білім алушылар өздерінің әдеби талғамдарымен бөлісіп, сүйікті шығармаларын талқылап, әрі қарай оқуға арналған кітаптар бойынша ұсыныстар алды.


