АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026 13:02

«Өндірістегі 10 күн»

            2026 жылғы 22 қыркүйекте «Өндірістегі 10 күн» республикалық акциясының жетінші күні аясында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде білім алушылардың өндірістік тәжірибесі зерделенді.

            Колледжде алған білімнің практикалық маңыздылығын анықтау және студенттердің қосымша кәсіби дағдыларға қажеттіліктерін айқындау мақсатында білім алушылар арасында сауалнама жүргізілді.

            Сауалнама барысында теориялық білімді практикада қолдану, кәсіби даярлықтың жеткіліктілігі, өндірістік жабдықтармен жұмыс істеудің күрделілігі, оқу пәндерінің қажеттілігі, сондай-ақ заманауи технологиялар мен өндірістік операцияларды қосымша меңгеру қажеттілігі мәселелері қарастырылды.

            Сауалнама нәтижелері бойынша білім алушылардың практикалық даярлығын жетілдірудің негізгі бағыттары айқындалып, білім беру үдерісінде қосымша пысықтауды қажет ететін дағдылар анықталды.