2026 жылғы 21 қыркүйекте «Өндірістегі 10 күн» республикалық акциясын іске асыру аясында болашақ мамандардың кәсіби даярлығына қойылатын жұмыс берушілердің талаптарын зерделеуге бағытталған алтыншы күн өткізілді.
Колледжге кәсіпорын өкілдері мен тәжірибелі мамандар шақырылып, олар жұмысқа алғаш кіріскен күннен бастап түлекке қажетті кәсіби дағдылар мәселелері бойынша сараптамалық сауалнамаға қатысты.
Іс-шара барысында заманауи технологияларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді және өндірістік жабдықтарды меңгеру мәселелері қарастырылып, білім алушыларды оқыту барысында қалыптастыру қажет негізгі дағдылар айқындалды.
Кәсіби біліктерді одан әрі дамыту мен практикалық тұрғыдан пысықтауды қажет ететін дағдыларды анықтауға ерекше назар аударылды.
Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша жұмыс берушілердің сараптамалық қорытындысы әзірленді. Аталған қорытынды білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру және білім алушылардың практикалық даярлығын ұйымдастыру кезінде ескерілетін болады.


