Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бірінші курс курсанттарының салтанатты Ант қабылдау рәсімі өтті.
Биыл 100 бірінші курс курсанты Ант қабылдады. Олардың қатарында 8 қыз бала және «Алтын белгі» иегері атанған 9 курсант бар. Қазақстандық курсанттармен қатар Академияда Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген курсанттар да білім алуда.
Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов қатысты. Министр бірінші курс курсанттарына оқуда табыс, төзімділік, қайсарлық және таңдаған ісіне адалдық тіледі.
Іс-шараның құрметті қонақтарының қатарында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің директоры Тураров Сериккан Женисович те болды.
Салтанатты рәсім әскери шерумен және Академия Гимнінің орындалуымен аяқталды. Бұл болашақ азаматтық қорғау мамандарының өміріндегі жаңа маңызды кезеңнің басталуын білдірді.


