АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026 04:44

Бейнероликтер

            2026 жылғы 15 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде білім алушыларға есірткілік және өзге де тыйым салынған заттарды қолдану мен таратудың алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетілді.

            Профилактикалық жұмыстың басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастардың денсаулығын сақтау және өз болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

            Іс-шара барысында білім алушыларға есірткі заттарын қолданудың қауіптілігін, олардың адам денсаулығына, психикасына, әлеуметтік өмірі мен болашағына тигізетін кері әсерін ашып көрсететін бейнематериалдар ұсынылды. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау, қолдану және таратуға байланысты құқықтық салдарға ерекше назар аударылды.

            Білім алушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың, спортпен айналысудың, пайдалы бос уақытты ұйымдастырудың және жағымды орта қалыптастырудың маңыздылығы еске салынды.