2026 жылғы 11 қыркүйекте «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру аясында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің кітапханасында «Тілім менің – мерейім!» мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқауға 9 дарынды қатысушы қатысып, мәнерлеп оқу шеберлігін, ана тіліне және әдебиетке деген сүйіспеншілігін танытты.
Мұндай іс-шаралар оқу мәдениетін дамытуға, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға, қазақ тілі мен ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға жақсы ықпал етеді.


