АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 11 Қыркүйек 2026 04:07

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫ БАСТАЛАДЫ!

Құрметті білім алушылар мен оқытушылар!

Сіздерді оқу мәдениетін, интеллектуалдық ойлау қабілетін және кітапқа деген сүйіспеншілікті дамытуға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» ауқымды республикалық кітап оқу марафонына қатысуға шақырамыз!

Колледж білім алушылары үшін «Кітап оқитын колледж» арнайы бағыты қарастырылған.

Өткізу мерзімі:

2026 жылғы 15 қыркүйек – 2027 жылғы сәуір.

Не істеу қажет?

  • Жобаның ресми сайтында тіркелу: reading-nation.kz
  • Тіркелу кезінде «Кітап оқитын колледж» бағытын және тілді – қазақ немесе орыс тілін таңдау.
  • Бекітілген тізімдегі 15 кітапты оқу.
  • Оқыған шығармалар туралы пікірлеріңізбен бөлісу.

Жоба аясында қарастырылған тесттер мен квиздерден өтіп, іріктеу кезеңдеріне қатысу.

Ұпайлар қалай есептеледі?

  • 1 оқылған кітап – 250 ұпай
  • Бейнепікір – +50 ұпай
  • Оқу кестесін сақтау – +50 ұпай

Қатысушыларды интеллектуалдық сынақтар, финалға шығу мүмкіндігі, дипломдар алу және жүлделі орындар үшін бақ сынау мүмкіндігі күтеді!

15 кітап. 6 ай. Бір мақсат – білім мен дамуға бастар жол!

Бірге кітап оқитын жастар – Қазақстанның зияткерлік болашағы екенін дәлелдейік!

Қазірден бастап тіркеліңіздер:

reading-nation.kz – жобаның ресми сайты