АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 09 Қыркүйек 2026 13:33

Профилактикалық кездесулер

    2026 жылғы 8-9 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде 1 және 4 курс білім алушыларымен Ақмола облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық кездесулер өткізілді.

            Білім алушылар алдында полиция подполковнигі, ІІО бойынша аға жедел уәкілі Амангельдинов Олжас Серикович және ҰҚҚКБ жедел уәкілі, полиция майоры Татиев Арман Амангельдыевич сөз сөйледі.

            Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық жауапкершілік және заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша дәріс өткізілді. Студенттерге тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетілді.

            Сонымен қатар білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының тиімділігін арттыру және жастарды толғандыратын өзекті мәселелерді анықтау мақсатында анонимді сауалнама жүргізілді.

            Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен қажетті жауаптар алды.

            Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайтуға бағытталған.