2026 жылғы 8 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Адал азамат. Адал еңбек» тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында «Ойынға салауатты көзқарас» атты Денсаулық күніне арналған жарқын спорттық мереке өтті.
Бұл күні 700-ден астам білім алушы мен оқытушы басты мақсат – денсаулықты нығайту, қимыл-қозғалысты арттыру және белсенді өмір салтын ұстану жолында бірікті.
Іс-шараның мазмұнды бағдарламасына:
- күзгі кросс-жүгіру;
- баскетболдан жарыстар;
- шағын футболдан жарыстар кірді.
Спорттық жарыстар қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, мол қуат және нағыз командалық рух сыйлады.
Денсаулық күні қатысушыларға өздерінің физикалық мүмкіндіктерін сынап қана қоймай, төзімділік, күш, ептілік, мақсатқа ұмтылу және командада жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетуге тамаша мүмкіндік берді.
Мұндай іс-шаралар жастардың салауатты өмір салтын ұстануға, дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысуға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға деген берік ынтасын қалыптастыруға ықпал етеді.


