2026 жылғы 1-5 қыркүйек аралығында Ұлытау облысының Жезқазған қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының XXXII жазғы чемпионаты және әйелдер арасындағы XII жазғы чемпионаты өтуде.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің құрама командасы Қазақстанның барлық өңірлерінен келген үздік спортшылар бақ сынайтын басты республикалық жарысқа қатысуда.
Қатысушылар төрт сайыс түрі бойынша сынға түседі:
- шабуыл сатысымен көтерілу;
- 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру;
- 4×100 метрлік өрт эстафетасы;
- жауынгерлік өрістету.
Біздің команда үшін бұл – жылдамдығын, күшін, төзімділігін, кәсіби шеберлігін және командалық бірлігін көрсетуге тамаша мүмкіндік.
Құрама командамызға сәтті бастау, жоғары нәтижелер және лайықты өнер көрсету тілейміз!
https://www.instagram.com/mcdc_kz/


