АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 05 Қыркүйек 2026 04:16

«Құтқарушылар аллеясын»

            Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Мұханов Мұрат Көкшетау қаласының Орталық саябағында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған «Құтқарушылар аллеясын» ашты. Бұл - қаза тапқан құтқарушылардың ерлігіне тағзым етіп, есімдерін мәңгі есте сақтауға арналған естелік кеңістік.

            Салтанатты рәсімге азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, ардагерлер, Мәлік Ғабдуллин атындағы академияның курсанттары, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен бизнес өкілдері қатысты.

            Іс-шара барысында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің директоры Тураров Сериккан Женисович Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұл марапат колледж ұжымы үшін маңызды оқиға болып, кәсіби еңбектің және өз ісіне деген адалдықтың жоғары бағаланғанын білдіреді.

            Шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да толағай табыстарға, кәсіби жетістіктерге және жаңа жеңістерге жете беруіңізге тілектеспіз!

https://www.instagram.com/mcdc_kz/