АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 04 Қыркүйек 2026 04:08

Қазақстан халқы тілдері күніне арналған мерекелік іс-шара

            2026 жылғы 4 қыркүйекте «Bolashaq Saraiy» мәдениет сарайында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

            Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін дамыту және еліміздің тілдік әрі мәдени алуантүрлілігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

            Іс-шараға көрермен ретінде АҚЖКК ТЖ-21СБ тобының білім алушылары және кураторы Орал Серікболсын Маратұлы қатысты. Білім алушылар концерттік нөмірлерден, әдеби-көркем композициялардан және Қазақстан халқының бірлігі, достығы мен ынтымағын дәріптейтін патриоттық әндерден құралған мерекелік бағдарламаны қызығушылықпен тамашалады.

            Іс-шара жастардың рухани-адамгершілік және мәдени дамуына ықпал ететін маңызды алаңға айналып, студенттердің тарих, ұлттық құндылықтар және тілдердің мәдени мұраның ажырамас бөлігі ретіндегі маңызы туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

https://www.instagram.com/mcdc_kz/