25.01.2018 жылы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің №2 қыздар жатақханасында колледж оқытушылары Г.Е. Ибраева, С.С. Усинаның ұйымдастыруымен «Қысқы уақытта үсік шалу жағдайында көрсетілетін алғашқы көмек» тақырыбында ақпарат берілді. Онда қысқы уақытта үсік шалудың алдын алу, оның белгілері, дәрежесі, үсік шалудан зардап шеккендерге көрсетілетін алғашқы көмек туралы иллюстрациялық суреттердің қолданылуымен толық мәлімет беріліп, үсіктің алдын алу нұсқаулығы таратылды.
Г.Е. Ибраева, С.С. Усина