Ресей Федерациясының Мәскеу облысындағы Жуковский қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жігіттер мен юниорлар арасындағы XV Әлем чемпионаты және қыздар мен юниор қыздар арасындағы XI Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Қазақстан Республикасы құрамасының сапында өнер көрсеткен Азаматттық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ТЖ-41Б тобының білім алушысы Каллиолаев Ислам жалпыкомандалық есепте қола жүлдеге ие болды.
Бұған дейін Ислам Қазақстан Республикасы Чемпионатында да жоғары нәтижелер көрсетіп, «Шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинасы бойынша чемпион атанып, «100 метрлік кедергілер жолағы» дисциплинасы бойынша қола жүлдегер атанды.
Білім алушымызды лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер, спорттық жетістіктер және халықаралық аренада биік белестер тілейміз!
https://www.instagram.com/mcdc_kz/


