АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 08 Маусым 2026 05:17

«EduAI: Педагогикалық хакатон»

2026 жылғы 4-5 маусым күндері Астана қаласында Қазақстанның барлық өңірлерінен келген дарынды әрі бастамашыл оқытушыларды біріктірген республикалық «EduAI: Педагогикалық хакатон» өтті. Ауқымды іс-шараны AMANAT партиясы Daryn Ustaz білім беру платформасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Альжанова Д.Х. хакатонға қатысып, іріктеудің бірінші кезеңінен сәтті өткен еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 400 оқытушының қатарына енді.

Хакатон барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған инновациялық жобалар әзірледі. Ұсынылған идеялар білім беру контентін жасау, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды автоматтандыру, дербестендірілген оқытуды енгізу және цифрлық шешімдер арқылы білім беру сапасы мен тиімділігін арттыру бағыттарын қамтыды.

Аталған іс-шараға қатысу кәсіби дамуға, тәжірибе алмасуға, заманауи құралдарды меңгеруге және жаңа кәсіби байланыстар орнатуға зор мүмкіндік болды.