АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 05 Маусым 2026 04:58

«Адал азамат»

2026 жылғы 4 маусымда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру аясында және тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес 1 курс оқу топтарында «Ел рәміздері – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» тақырыбында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған бірыңғай кураторлық сағаттар өткізілді.

            Іс-шара барысында кураторлар білім алушыларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұранының тарихымен таныстырып, олардың ел тәуелсіздігін нығайтудағы, патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы маңызын түсіндірді.

            Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – егемен елдің тарихын, мәдениетін және ұлттық құндылықтарын бейнелейтін маңызды нышандардың бірі ретінде ерекше атап өтілді. Талқылау барысында азаматтық ұстаным, патриотизм, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілік мәселелері қозғалып, бұл «Адал азамат» бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі екені айтылды.

            Білім алушылар әңгімеге белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік рәміздер және олардың әрбір Қазақстан Республикасының азаматы үшін маңызы туралы білімдерін көрсетті.

            Өткізілген кураторлық сағаттар білім алушылардың бойында патриоттық сезімді, мемлекеттік рәміздерге, ел тарихы мен мәдениетіне құрметті қалыптастыруға, сондай-ақ жауапты әрі адал азамат қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал етті.