АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 09 Маусым 2026 04:20

«Фильтрсіз: таңдау бағасы»

2026 жылғы 5 маусым күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушылары Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында өткен «Фильтрсіз: таңдау бағасы» атты жастарға арналған нашақорлықтың алдын алу форумына қатысты. Форумға шамамен 350 студент қатысып, оның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлықтың алдын алу және саналы өмірлік таңдау жасауға баулу болды.

            Іс-шара модераторлары – Полиция департаментінің өкілдері және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері. Олар форумды жастармен ашық диалог форматында ұйымдастырып, тиімді пікір алмасуға жағдай жасады.

            Форумның негізгі идеясы – жастармен ашық әрі шынайы диалог орнату, нақты өмірлік жағдайларды талқылау және олардың салдарын көрсету.

            Спикерлер:

·          Байжолов Асет Сағынұлы — қоғам қайраткері, Көкшетау қалалық мәслихатының VII шақырылым депутаты, «JETI QAZYNA» зияткерлік ойынының авторы.

·          Бекмағанбетова Сулушаш Қапесқызы — тәуелділігі бар тұлғаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталығының оңалту бөлімінің меңгерушісі.

·          Оразбаева Гүлнара Қәкенқызы — «Зерделі ұрпақ» ЖҚБ басшысы.

·          Амантаев Ербол Еркінұлы — ЮНИСЕФ волонтерлікті дамыту үйлестірушісі.

·          Мұқышев Қуаныш Жайдарбекұлы — блогер, медиа маманы, INFLUENCE PROMOTION SMM агенттігінің негізін қалаушы.

·          Пашкурлат Вадим Игоревич — әлем чемпионы, спортшы және қоғам қайраткері.

            Форум барысында спикерлер жастармен ашық форматта пікір алмасып, зиянды заттардың салдары, ортаның ықпалы және жеке жауапкершілік мәселелерін талқылады. Білім алушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды.

            Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.