АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 04 Маусым 2026 04:11

Диалог алаңы

2026 жылғы 3 маусым күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушылары арасында профилактикалық жұмыстар аясында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Ақмола облыстық филиалының директоры Игорь Геннадьевич Плюснин және Көкшетау қаласы Полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Ақмарал Қаламбайдың қатысуымен диалог алаңы ұйымдастырылды.

            Игорь Геннадьевич «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында әңгіме өткізіп, жастар арасында адалдық, әділдік және азаматтық жауапкершілік қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

            Ақмарал Қаламбай студенттерге әкімшілік және қылмыстық заңнама талаптарын, жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, рұқсат етілмеген орындарда шомылуға тыйым салынатынын және құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы еске салды.

            Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.