АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 02 Маусым 2026 13:05

«Абайға ақ жүрекпен»

            2026 жылғы 28 мамырда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде ұлы қазақ ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абайға ақ жүрекпен» атты әдеби-драмалық сазды кеш өтті. Кешті ұйымдастырған Педагогикалық пәндер кафедрасының оқытушылары – Ибраева Г.Е. және Усина С.С.

            Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Абай мұрасын насихаттап, ақынның рухани әлемін терең таныту болды. Кеш барысында көрермендер ақынның балалық шағымен танысып, сахналық қойылымдарды тамашалап, Абайдың әндері мен күйлерін тыңдап, оның философиялық шығармалары мен қара сөздерінің терең мағынасына бойлады. Әсіресе «Абай мен Тоғжан» драмалық көрінісі мен «Желсіз түнде жарық ай» әнінің орындалуы кештің әсерін арттырды. Кеш қонақтарға рухани шабыт сыйлап, Абай мұрасын дәріптеген мазмұнды әрі тағылымды шараға айналды.

         

Кескіндер галлереясы