АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 26 Мамыр 2026 04:23

«Ұлттық студенттік лига»

2026 жылғы 22-26 мамыр аралығында өткен «Ұлттық студенттік лига» республикалық спартакиадасы аясындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы шағын футболдан республикалық жарыста Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің қыздар командасы жоғары шеберлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Тартысты дода барысында қыздар командасы үздік ойын өрнегін танытып, 8 команданың ішінен оза шығып, жалпы командалық есепте жүлделі ІІ орынды иеленді.
Команданы оқытушылар Кокан М.К., Айдархан Қ.С. және Каирбеков А.М. дайындады. Олардың кәсіби шеберлігі мен қолдауының арқасында спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Команда мүшелері мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – табандылық пен тынымсыз еңбектің жемісі. Алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!