АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 25 Мамыр 2026 11:33

Кездесу

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушылары Ақмола облысы дін істері басқармасының КММ «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының» маман-теологы Жақанов Сәкен Бағдатұлымен кездесуге қатысты.

            Кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың белгілері, жастар арасында конфессияаралық келісім мен толеранттылықты сақтау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар студенттерге әлеуметтік желілерде тыйым салынған материалдарды таратқаны үшін жауапкершілік туралы және интернеттегі ақпараттарға сын көзбен қарау қажеттігі айтылды.

            Кездесу соңында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, дін саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.