АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 21 Мамыр 2026 12:12

Салтанатты шығарып салу рәсімі

            2026 жылғы 20 мамыр күні Көкшетау қаласы ТЖБ МӨСБ-2 аумағында ҚР ТЖМ Ақкөл қаласындағы 55209 әскери бөліміне аттандырылатын әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушылары шақырылушыларды таныстырды.  

            Іс-шара барысында Ақмола облысы ТЖД басшылығы, колледж директоры және ата-аналар болашақ сарбаздарға ақ жол тілеп, ізгі лебіздерін білдірді. Сондай-ақ жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеп өсірген ата-аналарға алғыс айтылды. Шара соңында шақырылушыларға арналып музыкалық нөмірлер орындалды.