2026 жылғы 19 мамыр күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ӨҚ-11А, ӨҚ-11Б, ӨҚ-11В және ТЖ-11А топтарының білім алушылары «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана ұйымдастырған «Чернобыль апаты – ғасыр зұлматы» тақырыбындағы тарихи сағатқа қатысты.
Іс-шара ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік апат – Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыс туралы тарихи жадыны сақтау, патриотизмді, экологиялық мәдениетті және апат салдарын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігіне құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Кездесу барысында Чернобыль ардагері Баудинов Шалқарбек Кенжебайұлы апат салдарын жою кезінде өз өмірлерін қатерге тігіп, радиациямен күрескен ликвидаторлардың жанқиярлық еңбегі туралы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар қатысушыларға тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесіне шолу жасалды.
Білім алушылар пікірталасқа белсенді қатысып, бейбіт күннің батырларын ұмытпау – бүгінгі ұрпақтың парызы екенін атап өтті. Сондай-ақ Чернобыль трагедиясы адамзат үшін үлкен сабақ болып қала беретінін жеткізді.


