2026 жылғы 21-22 мамыр аралығында «Сұңқар» қалалық спартакиадасы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында шағын футболдан қалалық жарыс өтті.
Аталған спорттық жарыста Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, 6 команда арасынан оза шауып, жалпы командалық есепте І орынды иеленді.
Сонымен қатар, жарыс қорытындысы бойынша жеке номинацияда «Үздік қақпашы» атағына ТЖ-21Б тобының білім алушысы Мәлік Нұртас лайық деп танылды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!


