АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 20 Мамыр 2026 07:27

Cеминар

            2026 жылғы 19 мамыр күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде 1 курс студент қыздарының қатысуымен «Қалаусыз жүктіліктің алдын алу. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар. Контрацепция әдістері» тақырыбында семинар өтті.

            Іс-шара жастардың репродуктивті денсаулықты сақтау, инфекциялық аурулардың алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы білім деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. 

            Семинарға «Панацея» клиникасының өкілдері - бас дәрігер, педиатр-дәрігер Зулкарнаева Г.Г. және психолог Аманбаева У.С. қатысып, жүргізді. Кездесу барысында мамандар студент қыздарға алдын алу шаралары, заманауи контрацепция әдістері және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы ақпарат берді.

            Семинар ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан кәсіби жауаптар алды.