АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 20 Мамыр 2026 12:56

«Оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлтты қалыптастыру шаралары туралы» Жарлық

16 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев «Оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлтты қалыптастыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. Президент 1 қыркүйекке дейін «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасын іске қосуды, сондай-ақ 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстанда бірыңғай қолжетімділігі бар Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құруды тапсырды.
2026 жылдың соңына дейін жасанды интеллекттің даму жағдайында оқу мәдениеті мен кітап ісін насихаттаудың 2027-2031 жылдарға арналған «Оқитын ұлт» тұжырымдамасын (бұдан әрі – «Оқитын ұлт» тұжырымдамасы) бекіту;
2027 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының «Кітапхана және кітап баспа ісі туралы» жаңа Заңының жобасын әзірлеу;
2027 жылғы 1 қаңтарға дейін оқу мәдениетін дамытудағы жетістіктері үшін Ұлттық сыйлық тағайындау.