- 2026 жылғы 12-15 мамыр аралығында Есіл ауылында облыстық «Кезең» спартакиадасы аясында жеңіл атлетикадан жарыстар өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1 орынды иеленді.
- Жеке есепте ФК-42А тобының білім алушысы Скрипкин Михаил, ЧС-1-25 тобының білім алушысы Леонтьева Ангелина, ФК-12Б тобының білім алушысы Дюдикова Елизавета, ФК-22А тобының білім алушылары Дробязко Ирина, Рейтарова Валентина және Рейтарова Варвара 1 орын иегерлері атанды. Сонымен қатар, ФК-12А тобының білім алушылары Козырев Илья, Трипольский Сергей, Озиев Абдрахман және ЧС-1-25 тобының білім алушысы Панахов Умар жүлделі орындарға ие болды.
- Эстафеталық жарыстарда да команда ерекше нәтижелер көрсетті. Қыздар мен ұлдар құрамасы 4×100 метрлік эстафетада, сондай-ақ 4×200 метрлік аралас эстафетада 1 орынды жеңіп алды. Колледж намысын төрт жыл қатарынан абыроймен қорғап, әрдайым жеңіс тұғырынан көрінген түлектер Леонтьева Ангелина мен Скрипкин Михаилға ерекше алғыс білдіреміз.
- Команданы дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары Эберц А.В. мен Гура В.П. дайындады. Олардың кәсіби шеберлігі мен қолдауының арқасында спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді.?Команданы лайықты жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 18 Мамыр 2026 03:39


