АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 13 Мамыр 2026 03:31

«Үздік колледж студенті»

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 4-курс білім алушысы Танатбаев Серик Нурлыбекович республикалық «Үздік колледж студенті» байқауында I орынды иеленді. Іс-шараны ұйымдастырған - «BILIM-ÓRKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы.

            Бірінші курстан бастап Серік волонтерлік қызметке, колледждің қоғамдық және спорттық іс-шараларына белсене қатысып, өзінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсете білді. Мақсаткерлігі, жауапкершілігі және өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысының арқасында ол оқу ордасының намысын республикалық деңгейде лайықты қорғады.

            Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз I дәрежелі дипломмен және медальмен марапатталды. Бұл білім алушының жоғары дайындық деңгейін, көшбасшылық қасиеттері мен кәсіби әлеуетін айқындай түсті.

            Дарынды жастарды қолдап, олардың дамуына үлес қосып жүрген колледж директоры Тураров Серіккан Женисовичке ерекше алғыс білдіріледі. Басшының кәсіби біліктілігі, мол тәжірибесі мен жан-жақты қолдауы осындай жоғары нәтижеге қол жеткізуге зор ықпал етті.