2026 жылғы 6 мамыр күні Көкшетау қаласында Жеңіс күніне орай «Сұнқар» қалалық спартакиадасы аясында жеңіл атлетикадан эстафеталық жарыс өтті.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдығы мен жеңіске деген жігерін көрсетіп, жүлделі 1 орынды иеленді. Команданы жарысқа жоғары деңгейде дайындаған дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары –Эберц А.В. және Шумаков Ю.А.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!


