АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 04 Мамыр 2026 04:38

«Кезең»

            2026 жылғы 27-30 сәуір аралығында Зеренді ауылында «Кезең» облыстық спартакиадасы аясында жазғы Президенттік көпсайыс бойынша жарыстар өтті.

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдығын және жеңіске деген ұмтылысын көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1 орынды иеленді.

            Жеке есепте колледж білім алушылары тамаша нәтижелер көрсетті:

  • 1 орын – ФК-42А тобының білім алушысы Скрипкин Михаил;
  • 2 орын – ФК-22А тобының білім алушысы Рейтарова Валентина.

            Команданың жетістігіне дене тәрбиесі пәні оқытушылары Эберц А.В. және Шумаков Ю.А. зор үлес қосты. 

            Жеңімпаздарды лайықты нәтижелерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!