2026 жылғы 4-5 мамыр күндері Көкшетау қаласында ересектер мен жастар арасында ұлттық «Асық ату» ойынынан Ақмола облысының «Алаш сақасы» іріктеу турнирі өтті.
Турнир қорытындысы бойынша Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ФК-12С тобының білім алушысы Сарсеков Еркебай жоғары шеберлік пен ойынға деген сенімділігін көрсетіп, жеңімпаз атанды. Оның бұл жеңісі оған республикалық турнирде облыс намысын қорғауға мүмкіндік берді.
Білім алушымызды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!


