АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 05 Мамыр 2026 04:25

«Еркін ел ұрпағы» атты патриоттық диктант

            2026 жылғы 5 мамыр күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Адал еңбек – адал азамат» бағдарламасы аясында ӨҚ-11Б,В, ТЖ-11А, ЕҚ-11 және БМ-11 топтарының білім алушылары арасында «Еркін ел ұрпағы» атты патриоттық диктант ұйымдастырылды.  

            Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың сауаттылығын арттыру, мемлекеттік тілге деген құрметін қалыптастыру және отансүйгіштік қасиеттерін дамыту болды. Диктант барысында білім алушылар берілген мәтінді мұқият тыңдап, сауатты жазуға тырысты. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсете білді. Іс-шара соңында жазба жұмыстары тексеріліп, нәтижелері талқыланды.

            Аталған диктант білім алушылардың тілдік дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ елжандылық рухын нығайтуға өз үлесін қосты.