2026 жылғы 30 сәуір күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында колледж оқытушылары арасында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Қазақ тілі білгірлері» атты байқау ұйымдастырылды.
Байқау қорытындысы бойынша:
- Гран-при – Анна Федоровна Перешивкина;
- І орын – Василий Петрович Гура;
- ІІ орын – Антон Сергеевич Мельников;
- ІІІ орын – Анжелика Дмитриевна Гирьева.
Аталған байқау оқытушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырып, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге өз үлесін қосты. Мұндай бастамалар ұжымдағы өзара түсіністікті, бірлікті және мәдениетаралық келісімді нығайтуға жақсы ықпал етеді.
Ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!


