АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 30 Сәуір 2026 12:45

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара

            2026 жылғы 30 сәуірде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Адал еңбек – адал азамат» бағдарламасы аясында, сондай-ақ 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. 

            Білім алушылар өзбек, кәріс, татар, орыс, украин және қырғыз халықтарының дәстүрлерін таныстырып, ұлттық тағамдары мен шығармашылық нөмірлерін көрсетті.

            Іс-шара қорытындысы:

  • Гран-при – ТЖ-11А (кураторы Рахметова Р.З.), ИН-12 (кураторы Усина С.С.), ӨҚ-11А (кураторы Нурсеитова Р.З.), ДТ-41 (кураторы Абильтаева С.Б.), БМ-41 (кураторы Нурсеитова Р.З.).
  • 1 орын – ЧС-12Б (кураторы Еслям Ж.М.), ИФ-12 (кураторы Альжанова Д.Х.).
  • 2 орын – ДОВ-12 (кураторы Айдаркулова Г.К.), ӨҚ-11В (кураторы Шаймуратова Н.Е.), БМ-11 (кураторы Каирова А.Ж.).
  • 3 орын – ФК-12А және ДТ-11 (кураторы Төребеков А.А.), ФК-12Б (кураторы Гура В.П.).

            Іс-шара достық, бірлік және Қазақстан халқының мәдени дәстүрлеріне құрмет рухында өтті.

            Ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!