2026 жылғы 28 сәуірде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде ақпараттық технологиялар жөніндегі директордың орынбасары Альжанова Д.Х. 1-курс білім алушыларына арналған «Цифрлық әлем» атты интерактивті іс-шара өткізді.
Практикалық интенсив форматында қатысушылар күнделікті өмірде және оқу процесінде цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні тиімді пайдалану жолдарын қарастырды. Негізгі назар ақпараттық сауаттылыққа және қазіргі уақытта аса өзекті болып отырған киберқауіпсіздікке аударылды.
Іс-шара барысында білім алушылар ақпараттың шынайылығын анықтау, жалған материалдарды (фейктерді) ажырату, деректердің қауіпсіздігін бағалау, жасанды интеллект жіберген қателерді түзету жолдары туралы мәлімет алып, өз пікірлерімен бөлісті және өз ұстанымдарын дәлелдеді. Практикалық жұмыс цифрлық әлем жағдайында сыни ойлаудың басты дағдыға айналатынын көрсетті.
#ҰлттықКітапКүні
#РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана
#Онкүндік
#АдалАзамат


