АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 28 Сәуір 2026 05:43

«Ғажайып алаң» атты танымдық-ойын-сауық шарасы

            2026 жылғы 24 сәуірде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Педагогикалық пәндер кафедрасында оқытушылар арасында «Ғажайып алаң» атты танымдық-ойын-сауық шарасы өтті. Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күніне арналды.

            Бағдарлама барысында қатысушылар мен көрермендер үлкен қызығушылық танытып, сұрақтарға белсенді жауап беріп, байқау тапсырмаларына қатысты. Қатысушылар арасынан үш үштіктен құралған ойыншылар тобы жасақталып, олар финалға шығу үшін бақ сынасты. Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, финалдық кезең өткізілді.

            Іс-шара шығармашылық бөліммен аяқталды. Онда қатысушылар өз қолдарымен қағаздан бейбітшілік, достық пен келісімнің символы саналатын көгершінді жасады. Кездесу жылы әрі мерекелік көңіл күйде өтті.