Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің кітапханасында кітапханашы Аленова Қ.А. және куратор Мусин Ж.Т. Ұлттық кітап күніне орай «Қазіргі балалар және рухани құндылықтар» тақырыбында пікірталас кездесуін ұйымдастырды. Іс-шараға ӨҚ-21С және ӨҚ-31Б топтарының білім алушылары қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар жастар өміріндегі кітаптың маңызы, оқудың адамгершілік қасиеттерді, дүниетанымды және мәдени құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі туралы ой бөлісті. Білім алушылар өз пікірлерін белсенді түрде білдіріп, өзекті мәселелерді талқылауға қатысты.
#ҰлттықКітапКүні; #РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана; #Онкүндік; #АдалАзамат


