АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 27 Сәуір 2026 10:12

Сап және ән байқауы

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Адал еңбек, адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сап және ән байқауы өтті. Іс-шара Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылып, білім алушылар арасында патриотизмді, тәртіпті және командалық рухты тәрбиелеуге бағытталды.

            Байқауға екінші курс білім алушылары қатысты. Қатысушылар саптық дайындықтың жоғары деңгейін, іс-қимылдарының үйлесімділігін, командаларды нақты орындауын және саптық әндерді мәнерлеп орындауын көрсетті. Әрбір взвод өздерін үздік қырынан танытуға тырысып, тек дене дайындығын ғана емес, ұжымның ауызбіршілігін де паш етті.

            Байқау қорытындысы бойынша үздік взводтар мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара салтанатты әрі рухтандыратын жағдайда өтіп, қатысушылар мен көрермендерге жарқын әсер сыйлап, болашақ Отан қорғаушылары үшін мақтаныш сезімін қалдырды.

        

Кескіндер галлереясы