2026 жылғы 24 сәуірде «WorldSkills Aqmola-2026» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының жабылу салтанаты және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушылары жоғары нәтиже көрсетті.
ПМНО-22С тобының білім алушысы Беков Анзор «Бастауыш сыныптарда білім беру» құзыреттілігі бойынша 2-орынды иеленді, сарапшы – Корнева Ольга Сергеевна. Сондай-ақ колледж командасы «Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша 1-орынды жеңіп алды.
Салтанатты рәсім барысында жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар табысталды. Чемпионатқа қатысу өз білімін, дағдысын және жетістікке деген ұмтылысын көрсетуге, сондай-ақ болашақ кәсіби дамуға қажетті құнды тәжірибе жинақтауға тамаша мүмкіндік болды.
Жеңімпаздарымыз бен қатысушыларымызды құттықтаймыз!


