АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 23 Сәуір 2026 09:53

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Ғылым қызметкерлері күніне орай 1-курс білім алушылары арасында «Ғылымға апарар жол» атты шағын ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы өтті.

            Іс-шараның негізгі мақсаты - білім алушыларды ерте бастан ізденімпаздыққа баулу, олардың аналитикалық ойлау қабілетін дамыту және ғылыми жобалармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Байқау барысында студенттер өзекті тақырыптар бойынша өздерінің алғашқы зерттеу нәтижелерін ұсынып, ғылыми аппаратты құру (мақсаты, міндеттері, болжамы) бойынша білімдерін көрсетті.

            Бұл байқау жас зерттеушілер үшін үлкен ғылым әлеміне жасалған алғашқы сәтті қадам болды.