2026 жылғы 22 сәуірде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің топ кураторларының Ақмола облысы дін істері басқармасының КММ «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» теолог маманымен кездесуі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында аталған орталықтың теолог маманы Жақанов Сәкен Бағдатұлы студенттердің діни экстремизм мен терроризм идеяларына қызығушылық таныту белгілерін анықтау тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кураторларға білім алушылардың мінез-құлқын бақылау және профилактикалық жұмысты тиімді ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар қатысушыларға діни экстремизм мен терроризм идеяларына қызығушылық танытатын кәмелетке толмағандардың алдын алу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылдың үлгілік алгоритмінің қысқаша мазмұны таныстырылды.
Мұндай іс-шаралар қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға және жастар арасындағы ықтимал тәуекелдерді уақтылы анықтауға ықпал етеді.


