АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 20 Сәуір 2026 04:22

«Miss Kokshe – 2026» байқауы

            2026 жылғы 17 сәуірде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде жарқын әрі есте қаларлық оқиға – дәстүрлі «Miss Kokshe – 2026» байқауы өтті. Оған 10 білім алушы қатысып, әрқайсысы бес кезеңнен тұратын сайыста өз өнерлерін көрсетті. Қатысушылар тек сұлулығын ғана емес, сонымен қатар дарын, әртістігі мен өзіне деген сенімділігін де паш етті.

            Байқау қорытындысы бойынша «Miss Kokshe – 2026» атағын Балтабаева Назира (ФК-22С тобы) иеленді, I вице-мисс аталымы Полянская Аринаға (ФК-12А тобы) бұйырды, ал II вице-мисс атағын Узакбаева Ұлжан (ТЖ-21В тобы) жеңіп алды. Бұл шара көрермендерге ерекше әсер сыйлап, қатысушыларға өз шығармашылық әлеуетін ашуға және өзін танытуға үлкен мүмкіндік берді.

            Әрбір қатысушы өз сұлулығы, дарыны және сенімділігімен көрермендердің жүрегін жаулап алды. Байқау сұлулықтың, шығармашылықтың және жастар рухының нағыз мерекесіне айналды.

            Барлық сұлу жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!