2026 жылғы 16 сәуірде Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «WorldSkills Aqmola-2026» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты сәтті аяқталды. Чемпионат «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Бастауыш сыныптарда білім беру» құзыреттіліктері бойынша өтті.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушылары өз оқу орнын лайықты таныстырып, жоғары дайындық деңгейі мен кәсіби дағдыларын көрсетті.
Чемпионат қорытындысы бойынша:
- Беков Анзор «Бастауыш сыныптарда білім беру» құзыреттілігі бойынша құрметті 2-орынға ие болды, сарапшы – Корнева Ольга Сергеевна;
- Жангужинова Анастасия «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша құрметті 4-орынға ие болды, сарапшы – Перешивкина Анна Федоровна.
Қатысушыларды және олардың жетекшілерін қол жеткізген нәтижелерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!


