2026 жылғы 16 сәуірде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Азаматтық қорғаныс кафедрасында «Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola-2026» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты сәтті аяқталды.
Жарыс қорытындысы бойынша колледж командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, құрметті 1-орынды иеленді. Бұл жеңіс – нәтижеге бағытталған табанды еңбектің, жоғары жауапкершіліктің және үздікке деген ұмтылыстың жемісі.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз команда Қазақстан Республикасының «WorldSkills – 2026» ұлттық чемпионатында Ақмола облысының намысын қорғайды.
Қатысушыларды лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа табыстар тілейміз!


