2026 жылдың 13-17 сәуірі аралығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында баскетболдан Республикалық Ұлттық студенттік лига өтуде.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы өз оқу орнын лайықты деңгейде таныстырып, жарыс қорытындысы бойынша құрметті 2-орынды иеленді.
Команданы дайындаған – Дене тәрбиесі және АӘТД кафедрасының оқытушысы Занина Анастасия Вячеславовна. Команда өкілі – Кокан Мерген Коканович.
Білім алушыларымызды тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз және баршаңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіреміз!


