АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 16 Сәуір 2026 10:09

Квест

2026 жылғы 16 сәуір күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында 1-2 курс білім алушылары арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Құқық қаласы» атты танымдық командалық квест өткізілді.

Квест басталар алдында акт залында полиция қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық кездесу өтті. Әр маман өз бағыты бойынша білім алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тақырыптық бейнероликтер көрсетті. Іс-шараға қатысқан полиция қызметкерлері:

  • Назарова Бекзат Агыиковна – Ақмола облысы Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі.
  • Хасенов Серікбай Амангелдіұлы – Көкшетау қаласы Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің бастығы.
  • Сабирова Әсемгүл Ғабитқызы – Көкшетау қаласы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы.

Квестке 3 команда қатысып, түрлі станциялардан өтіп, тапсырмалар орындап, ребустар шешіп, құқық саласындағы білімдерін көрсетті. Квест қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, барлық қатысушылар пайдалы білім мен жағымды әсер алды.

Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, заңға бағыну дағдыларын қалыптастыруға және сыни ойлауды дамытуға ықпал етеді.